Өрт қауіпсіздігі сенбілігі жалғасуда

Өрт қауіпсіздігі сенбілігі жалғасуда

Алматы обласында жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі сенбілігі жалғасуда.
Жадынамалармен қаруланған Еңбекшіқазақ ауданынның Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және № 3 Өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары үйлерді аралап, онда пешпен жылытуды пайдалану ережелері бойынша профилактикалық нұсқаулықтар ұйымдастырды, өрттердің және адамдардың қаза болуының алдын алуға, сондай-ақ халық арасында қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған ұсынымдар берді.
Сенбілік барысында азаматтық қорғау қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді көрнекі түрде көрсетіп, пешпен жылытуды сәйкестікке келтіру қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ, жылытқыштарды пайдалануға, электр сымдарының жағдайына назар аударылды.
Бұл іс-шаралар ережелерді егжей-тегжейлі, сондай-ақ халыққа нақты жеткізуге мүмкіндік береді, өйткені жеке әңгімелесу және көрнекі түсіндіру кезінде кез-келген ақпарат оңай игеріледі.
Өрт қауіпсіздігі сенбіліктері алдағы уақытта да өткізілетін болады, себебі негізгі міндет азаматтардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін және қауіпсіздік мәдениетін дамыту болып табылады.

                                                   

                                             Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі