Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Крещение Господня» мейрамындағы суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері» такырыбында брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Крещение Господня» мейрамындағы суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері» такырыбында брифинг өтті

2024 жылы 18 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Крещение Господня» мейрамындағы суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері» такырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс баскармасының бастығы подполковник Разакулов Ералы Маратұлы сөз сөйледі. Брифинг барысында «Крещение Господня» мейрамындағы суға түсу кезінде қауіпсіздік мәселелері айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берілді.

         «Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнінде православлиелік әлем «Крещения Господня» мейрамын атап өтеді. Сочельник және шоқындыру күнінде барлық православлиелік шіркеулерде суды Ұлы жарықтандыру рәсімі жүргізіледі. Ескі нанымға сәйкес, бұл күнде су кез-келген сырқаттардан айықтыру қабілетіне ие.

Алматы облысы аумағында 14 астам дәрет алу (суға түсу) орындары бөлініп жабдықталды, суға түсу мекен-жайларын шіркеулерде, әкімшіліктерде немесе тиісті аудандардың төтенше жағдайлар бөлімдерінде және Қонаев қаласының ТЖ басқармасынан анықтауға болады.

         Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 80 құтқарушылар мен қызметкерлер суға түсу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұдан басқа, азаматтық қорғау қызметтерінен (полиция, медицина, әкімдіктер) күштер мен құралдар – 29 бірлік техника, 54 жеке құрам

          Жарақтардан және үсуден аман болу үшін, дайындалмаған және жабдықталмаған орындарда суға түсуден тартынуға құтқарушылар табанды түрде кеңес береді, себебі тек қана білікті мамандар уақытылы алғашқы медициналық көмекті көрсете алады», - деп атап өтті спикер.

         Мейрам судағы оқыс оқиғамен және қайғымен  аяқмалмас үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті суға түсушілерге қарапайым ережелерді сақтауға шақырады:

  • Тек қана арнайы жабдықталған ойықтарда құтқарушылар, дәрігерлер және полицялардың қарауымен суға түсу қажет.
  • Өзіңіздің денсаулығыңызды және мүмкіндігіңізді бағалаңыз. Қысқы суға түсу бүйрек, жүрек-қан тамырлары ауруларымен азап шегетін, жоғары қан қысымы бар, қант диабетімен сырқатанған адамдарға және жүкті әйелдерге қарсы көрсетілген.
  • Шоқынатын суға түсер алдында, алкоголь ішімдігін тұтынбаңыз. Ашыққан түрде ойыққа сүңгуге болмайды, суға түсер алдында бір сағат бұрын тамақтануыңыз қажет.
  • Егер Сіздің алдыңызда бірнеше адам тұрса, сабырлық және тыныштық танытыңыз. Жас балалары бар әйелдерді және қарт адамадарды алға өткізіп жіберіңіз.
  • Сүңгу алдында сәл жылыну қажет, ол үшін бірнеше рет отырып тұрып және иілуге болады.
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, кішкентай балаларды қолда ұстаңыздар.
  • Ойыққа түскен кезде сақ болыңыз. Баспалдақ бар болған кезде – сүйенгіштерге ұстап таяныңыз.
  • Егер Сіздің ағзаңызға салқын тисе және Сіз қалтырауды сезінсеңіз, дереу киіну немесе көрпемен жамылу қажет, ыстық тәтті сусынды қабылдау керек. Егер мүмкіндік болса, жылы бөлмеге өтіңіз.
  • Көңіл күйіңіздің күр нашарлауы кезінде - медицина жұмысшыларына, құтқарушыларға немесе полиция қызмекерлеріне барыңыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі