
Әрбір адам және ең алдымен ата-ана балаларды бақылауда ұстамау жағымсыз оқиғаларға, кейде тіпті қайғылы салдарларға әкелуі мүмкін екенін түсінуі тиіс. Мұндай жағдайлардың мысалдары аз емес. Әр маусымның қысқы, көктемгі немесе суға шомылу әр уақыттың өз қауіп-қатері бар. Қаза болудың негізгі себептері қауіпсіздік талаптарын сақтамау және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады. Төтенше жағдайларда, мысалы өрт кезінде дұрыс әрекет, құтқарудың негізгі шарты болып табылады. Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы кішкентай кезінен бастап айту керек. Балалардың көп білгілері келетінінің салдарынан, олардың отпен және сіріңкемен ойнауға деген құштарлығы жиі өртке әкеледі. Бала өрттің неге қауіпті екенін, түсінуі тиіс. Балалардың отпен ойнауынан болатын өртті болдырмау үшін осы ережелерді сақтаңыздар:
-үйден кетіп бара жатып, жасбалаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз
-балаларға өрт кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін айтыңыз
-Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаумен байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз
-сіріңкені балалар үшін қолжетімді жерде қалдырмаңыз
-балаларға пештерді, от жағуға, газ плиталарын, электр тұрмыстық құралдарды өз бетімен қосуға тыйым салыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі