Қатты жел кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері

Қатты жел кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері

Алматы облысының ТЖ департаменті екпіні күшті жел кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың жалпы шараларын білуге және орындауға кеңес береді.

 Үйде немесе пәтерде болғанда:

 - барлық есік, терезелерді жабыңыз, олардың жабылу сенімділігін тексеріңіз;

 - электр қуатын, газды өшіріп, су құбырын жабыңыз;

 - қуатты желден қауіпсіз жерлер – терезелерден алыс жерлер: дәретхана, дәліздер, кіріктірілген шкафтар;

 - лифтті пайдаланбаңыз.

 Егер екпіні күшті желге сіз сырттатап болсаңыз:

- жедел түрде кіреберісті немесе берік ғимаратты паналаңыз;

- үйлердің қабырғаларына жақын жерде, қоғамдық көлік аялдамаларында, билбордтардың жанында, талдардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында қалқалап жасырынуға болмайды;

- үзілген сымдарға, тербелетін белгілерге және т.б. жақындамаңыз;

 - шіріген және ескі, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыздар.

 Сақ болыңыздар және дендеріңіздің саулығын бағалаңыздар!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі