Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз үстінде профилактикалық-рейдтік жұмыстар жүргізуде

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мұз үстінде профилактикалық-рейдтік жұмыстар жүргізуде

Кезекті рейд Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Жергілікті полиция және Табиғатты қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, "Қапшағай" су қоймасында профилактикалық рейдттік іс-шаралар өткізілді, онда қысқы кезеңде мұз асты балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша мұз асты әуесқой балықшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында мұздағы қауіпсіздік ережелері бар үгіт-насихат материалдары таратылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мұзда келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • Жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.
  • Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
  • Тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар жауу, жаңбыр) және алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.
  • Өзен арқылы өту кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану керек.
  • Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м) сақтау қажет.
  • Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.
  • Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасау қажет. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құтқару кеудешесі немесе төс кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 м, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 г жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.
  • Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға қайта оралу керек.
  • Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білу қажет. 

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі