Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Қыс кезеңіндегі қауіпсіздік» такырыбында брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Қыс кезеңіндегі қауіпсіздік» такырыбында брифинг өтті

2023 жылы 5 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық аланында «Қыс кезеңіндегі қауіпсіздік» такырыбында брифинг өтті. Брифингте Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайлар жою баскармасының бастығы майор Жагипаров Ерсін сөз сөйледі. Брифинг қыс кезеңінде халықтың қауіпсіздігі мәселелері айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Алматы облысының аумағы қыс мезгілінде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырайды. Бұл қар басу, қар көшкіні, айлық нормадан жоғары жауын-шашын, төмен температура.

Халық арасында мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын атаулы профилактикалық жұмыс (аулаларды аралау, жадынамалар тапсыру, БАҚ-та сөз сөйлеу) жүргізіледі.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарына қысқы жағдайда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін маңыздылығын тағы бір еске салды:

Қыста алыс  жолға шағар алдында ауа райы болжамымен танысып, хабарламаларын қадағалау қажет.

Әрбір автокөлікте міндетті түрде төтенше жағдайда өмірді құтқаратын заттар-дәне-керлеу шамдары, тростар, дөңгелектерге аргалған шынжырлар, күректер, парафин шамдары, сондай-ақ жылы киімдер, бірінші кезектегі қажет заттар, тамақ пен су қоры болуы тиіс.

Қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, әсіресе қатты боран, жолдағы боран кезінде, Алматы облысы ТЖД  азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларды сақтауды ескертеді:

Көлікте болсаңыз:

- ауа-райы туралы ақпаратты тындап отырыңыз;

- қолайсыз ауа-райы кезінде, әсіресе түңде боран кезінде жолға шықпаңыз;

- жолдан шығып кетпеуге тырысыңыз;

- артық киімді ала жүріңіз;

- көлікте азық-түлікті артығымен алып, ыстық шаймен термос болатын болсын;

- қатты боранда тоқтағанда көлік капотын желге қарсы қойыңыз;

- түтін шығатын тетікті, терезені қардан тазалап отырыңыз. Көлікті мезгілдеп жылытып отырыңыз, жаңармайды үнемдеңіз;

- үрейге баспаңыз, сабырлық сақтаңыз. Көліктен шығатын болсаңыз беліңізге арқан, жұмсақ трос, белбеу және т.б. сақтық құрылғыларды байлап шығыңыз;

- көліктен алыс кетпеңіз;

- мезгілдеп қолшаммен, фаралармен, дыбыстық дабылмен және басқа да қондырғылармен дабыл беріңіз.

          Жаяу болсаңыз: 

- жылы киім киіңіз;

- шарбақтардың, қабырғалардың, жолдың бойымен жүріңіз;

- жүрген кезде асықпаңыз, мүмкіндігінше топтағы ең әлсіз адамның жүрген жылдамдығына бой түзеңіз;

- бір топ адамға бірінен соң бірі жүрген дұрыс, жүкті өзара бөліп, жүрген кезде сөйлеспеу керек;

- тұрған бойда демалыңыз, қарға отырмаңыз және жатпаңыз;

- егер де жүру мүмкін және қажет болмаса, боранның тыйылуын күтініз;

- қардан баспана жасаңыз, оның ішінде өзінізге жылу қамтамасыз етесіз. 

Үсік шалған кезде талап етіледі:

-терінің зақымданған жерлерін жылыту (тыныс алу, жұмсақ жүн матамен немесе қолмен абайлап сылау);

-жылу оқшауланған таңғышты таңу;

-үсіген аяқ-қолдарды бекіту;

-қатты үсік шалған кезде тез жылынуды болдыртпау.

Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз, ұялы телефоныңыздан дереу жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз. Теңгеріміңіз болмаса да қоңырау шалу тегін.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі