
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқарма қызметкерлерімен Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ еріктілер ұйымдарымен бірлесіп, 2023 жылғы жылыту кезеңінің жоспарына сәйкес жекеменшік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық-рейдтік жұмыстар жүргізілді. Жылыту маусымы кезеңінде жеке тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша тұрғындармен отын пештерін пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында 147 853(2022 жылы-146 237) жеке тұрғын үй қамтылып, тұрғындармен өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 1270(2022 жылы-1068) нұсқаулықтар өткізіліп тұрмыстық өрт қауіпсіздік шаралары бойынша 173 981(2022 жылы-172 643) жадынамалар мен буклеттер таратылды. Әлеуметтік осал және қолайсыз санатқа жататын отбасыларға жергілікті атқарушы органдардан алынған, көміртегі тотығының қауіпін уақтылы анықтау үшін 638(2022 жылы-821) датчиктер орнатылды.
Тұрғын үйлерді аралау барысында жылыту пешінің жүйелерінің тиісті күтіміне назар аударылды. Мұржаларды тазарту және жарықтарды жабу бойынша ұсыныстар жасалды. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады, бірақ, өкінішке орай адамдар қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін елемеуді жалғастыруда , бұл қауіпсіздіктердің сақталмауы тек өз өміріне қауіп төндірмейді сонымен қатар басқалардың өмірі екенін ойлауымыз қажет.
Жылыту маусымынан бері 147 (2022 жылы-125) өрт оқиғасы орын алып 3(2022 жылы-5) адам қаза тапты. Рейд барысында анықталған жаңа нысандар есепке алынады.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі шекпеңіз, тұрмыстық және басқа жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты орындаңыз, электр сымдарының оқшаулауы зақымдалған құрылғыларды пайдаланбаңыз.
Өрт болған жағдайда ақпаратты дереу телефон арқылы «101» немесе «112» нөміріне хабарлаңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі