Алматы облысы ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан жедел медициналық жәрдем бригадасының көлігін тартып алды

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан жедел медициналық жәрдем бригадасының көлігін тартып алды

2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 23:46-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Кеген ауданы Жалаулы ауылының маңында жедел медициналық жәрдем бригадасына науқас сегіз жасар балаға жету үшін көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Кеген ауылының №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы дереу жолға шықты. Оқиға орнына дейінгі қашықтық - 25 шақырымды құрайды.

Шақырту орнына келгеннен кейін Жалаулы ауылына жетпей жедел медициналық жәрдем бригадасының автокөлігі қар құрсауында қалып қойғаны және науқасқа шақырту орнына жету үшін құтқарушылардың көмегі қажет болғаны анықталды.

 

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Трэкол» жол талғамайтын көлігінің көмегімен дәрігерлерді науқас бала тұрған шақыру орнына жеткізді, оны тексеруден кейін Кеген ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызу туралы шешім қабылданды.

Құтқарушылар дәрігер мен баланы жедел медициналық жәрдем бригадасының көлігіне жеткізіп, көлікті қар үйіндісінен шығарып, Кеген ауданының орталық ауруханасына алып барды.

Апаттық-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен «Трэкол» жол талғамайтын көлігі жұмылдырылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі