
Жаңа жылдық мерекелердің басталуымен абайсыз жұмыс істеу және сертификатталмаған пиротехникалық құралдарды пайдалану, шыршаларды орнату және электр гирляндаларын қосу ережелерін бұзу салдарынан өрт пен адамдардың жарақаттану қаупі артады. Әдетте мұндай жағдайларда балалар да, ересектер де зардап шегеді. Пиротехникалық құралдарды абайсыз қолдану мен пайдаланудың ең типтік салдары — қолдың, аяқтың, беттің күйіп қалуы, сондай-ақ жарақат алу салдары. Қиындық сіздің үйіңізге келмеуі үшін келесі, аталған ережелерді сақтау қажет:
- шыршаны тұрақты тұғырға орнату;
- шыршаны безендіру үшін тез тұтанатын ойыншықтарды, мақтаны, шамды, қағазды пайдаланбаңыз;
- шыршаны жылыту құралдары мен адамдарды эвакуациялау жолдарының жанында орнатпауға;
- үй-жайларда, шырша жанында, бенгал оттары, пиротехникалық құралдарды пайдалануға жол бермеу;
- балаларға шыршаға гирляндаларды өз бетінше қосуға рұқсат етпеуге;
- электр желісіне қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдыруға болмайды;
- электрлік гирляндалар зауытта дайындалған және толық жарамды болуы тиіс. Өрт болған жағдайда дереу «101» және «112» телефондары бойынша өртке қарсы қызметті шақыру:
- адамдарды эвакуациялау және өртті қолда бар құралдармен сөндіру бойынша шаралар қабылдау;
- тұрмыстық электр құралдарын - гирляндаларды, теледидарды және т.б. құралдарды электр желісінен ажыратыңыз;
- жасанды шырша жанған кезде оны қолмен ұстауға болмайды, оған тығыз көрпе немесе киіз лақтыру керек;
- келген өрт сөндіру бөлімшелеріне өрт орнын көрсету. Егер сіз жаңа жылдық мерекелерде пиротехникалық құралдарды пайдалануды шешсеңіз, оларды қолдану ережелерін есте сақтаңыз:
- үйде пиротехниканы пайдаланбаңыз;
- отшашуларды желкөздер арқылы және балконнан қолданбаңыз;
- пәтер терезелеріне, тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілерге петардалар тастамаңыз;
- өрт сөндіргіштерді адамдар тобына, аяқтың астына, сыртқы киімнің қалталарына және т.б. лақтырмаңыз;
- отшашуды адамдарға бағыттамаңыз;
- фейерверктерді жануарлардан, сымдардан, ғимараттар мен ағаштардан 20 метрден жақын жерде қолданбаңыз.
Жаңа жыл-ең көңілді және көптен күткен мереке. Бірақ мереке бұзылмауы үшін өрт қауіпсіздігінің осы қарапайым ережелерін сақтау қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі