Қар көшкіні қаупі!

Қар көшкіні қаупі!

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 18 желтоқсан 21 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Алматы облысы ТЖД азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

- құзырлы органдардың ескертілген ақпараттарын елемей қалмаңыз.

- таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.

- қар көшкіні қауіпті жерлерде демалуға тоқтамаңыз.   

- қар көшкіні қауіпті жерлерде жүргенде өте мұқият болыңыз.

Қар  көшкініне жару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қар көшкіні қауіпті беткейдегі адамдардың болуы немесе аймақ шекарасына өтуіне қатаң тыйым салынады.

 

                                                Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі