
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасында балалардың еркелігінен өрттің шығуын болдырмау мақсатында, Алматы облысы ТЖД Райымбек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Райымбек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мектепке дейінгі мекемелердегі сабақтарда профилактикалық жұмыстарға ерекше мән береді, себебі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы білімді өте ерте жастан бастап сіңіру қажет. Дәл осы жаста балалар жаңа ережелерді жақсы меңгереді және ойнай отырып, барлық тапсырмаларды орындауға тырысады. Профилактикалық жұмыс барысында балалар өрт қауіпсіздігінің қандай ережелерін білетіндерімен бөлісті.
«Қарлығаш» балабақшасында балалар отпен ойнаудың қауіпті екенін, үлкендерсіз газ немесе электр құралдарын пайдалана алмайтынын білді. Балаларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін 101 бірыңғай телефон нөмірі беріліп, жалған қоңыраулар үшін ата-аналары жазаланатынын ескертті.
Балалар өте белсенді болды және балаларға арнайы дайындалған викторинаның сұрақтарына ықыласпен жауап берді. Оның үстіне балалар ұялмай, өздерінің сұрақтарын қойды.
Балабақша тәрбиешілерімен де профилактикалық әңгіме жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі бойынша ашық сабақ балабақшадағы төтенше жағдайларды жою тәртібіне қатысты болды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі