НАлматы-Қарағанды тас жолында азамат құтқарылды

НАлматы-Қарағанды тас жолында азамат құтқарылды

2023 жылғы 14 желтоқсанда Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Алматы-Қарағанды тас жолындаға фазендада жылусыз күзетші қалғаны және эвакуациялауға көмек сұрағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен Іле ауданының жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу жіберілді. Шақырту орнына келген соң көмек сұраған адамды тауып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтың қолы мен аяғын үсік шалған. Ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Дауылды ескертулер туралы қысқа SMS хабарлама алған жағдайда үйден не шаруа қожалығынан шықпауға тырысыңыз, алыс жолға дайындықсыз шықпаңыз. Автокөлікке қыстық дизель жанармайын пайдаланыңыз. Бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі