Алматы облысында шаруа қожалығының жұмысшылары құтқарылды

Алматы облысында шаруа қожалығының жұмысшылары құтқарылды

2023 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 18:15-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Кеген ауданы Қарқара ауылына қарасты  Екпінді сиыр фермасының маңында автокөлік қар құрсауында қалып қойғандығы жайлы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына сағат 19:10-да келгенде шаруа қожалығының қызметтік автокөлігі қатты боран астында қалып, жолдан адасып, қар құрсауынан шыға алмағаны және оның ішінде 3 азамат болғаны анықталды. Арнайы трэкол автокөлігінің көмегімен және жеке құрамның авариялық-құтқару жұмысының нәтижесінде 1974, 1972 және 1983 жылы туған 3 адам құтқарылып, үйлеріне жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

Құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖ департаменті азаматтарға ауа райын бақылап, нашар ауа райы жағдайында және дауылды ескерту бойынша қысқа SMS-хабарламалар алған жағдайда алыс жолға шығуға тыйым салынатынын еске салады. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі