Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні Алматы облысы Төтенше жағдайлар департементі қарамағындағы жеке құрам арасында «Мен таңдаған тура жол» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
Іс-шараны, Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары азаматттық қорғау полковнигі Бакытнур Хабиденович Калиев «XXI-ғасыр індетіне айналған өз-өзіне қол жұмсау факторларын, ішімдікпен есірткі заттарына, құмар ойындарға тәуелділікті алдын-алу мақстында іс – шара ұйымдастырылды, осы тақырыптар ішінде өздеріңізді қызықтырған сұрақтар мен мәселелерді ортаға салып ой бөліссіңіздер»-деген сөздермен ашып берді.
Дөңгелек үстелге Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының нарколог-психиатры Эльвира Байғабылова қатысты. Сондай-ақ, «Тәуелділік» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, жеке құрамға жадынама таратты.
Нарколог маман Қазақстан Есірткіге қарсы халықаралық қауымдастық Алко-наркологиялық тәуелділікті емдеу орталықтарының телефон номерлерімен бөлісті.
8 707 102 02 33
8 700 020 23 39
Іс-шара барысында психолог тарапынан тәуелділіктен адам ішіндегі бостықтан арылуға арналған психологилық техникалар қолданды.
Қазіргі таңда қоғамның санасына тәуелділіктің жоғары көрсеткіш көрсетуіне әлеуметтік желінің кері әсер ететінін психологиялық жаттығулар арқылы дәлелін тапты.
Басшылар мен жеке құрам тарапынан көтерген тақырыпқа қатысты мәселер мен оларды шешу жолдары жан жақты талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмысты. Дөңгелек үстелге қатысушылыр талқыланған тақырыпты өте өзекті екенін және қай кезде болсын өз жақындарымыздың, өмірі, мәртебесі қай кезде де алдын алу жолдары туралы ұсыныстарды ортаға салды.
Алматы облысы ТЖД
Психологиялық қызметі тобы