
Жолдарда немесе жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешімді жол иелері және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен, яғни «Қазавтожол» ЖШС және Алматы облысының полиция департаментімен бірлесе отрыва қабылдайды.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде жол жабылғаннан кейін немесе қозғалысты шектегеннен кейін қысқа СМС-хабарламалар жіберу, Дәрмен мобильді қосымшасы, Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы жолдарды шектеу немесе жабу туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді.
Ауа-райының нашарлауына, яғни ауа температурасының төмендеуі, боран және жолда көрінудің шектелуіне байланысты өткен тәулікте Алматы облысындағы Республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта олардың 5 - і көліктің барлық түрлері үшін ашық, алайда Жамбыл облысында жолдардың жабылуына байланысты «Алматы - Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожолында жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Алматы облысы ТЖД тұрғындардан дауылды ескертулерді бейжәй қалдырмай, жолдардың жабылуы туралы ақпарат алған жағдайда жолға шықпауларыңызды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі