
2023 жылғы 10 желтоқсанда сағат 18:45-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Кеген ауданы Кеген-Талды тас жолында Пикап маркалы жеңіл автокөліктің кюветке ұшып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келген кезде құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті жол жиегіне шығарып, ішіндегі 5 жолаушыны эвакуациялады: 1968 , 1971, 1970, 1986 жылы туған ер адамдар және 1972 жылы туған әйел.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Барлығының жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет болмады.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері мен Трэкол жол талғамайтын көлігі жұмылдырылды.
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы облысының ТЖД қысқы кезеңде автожолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады:
Қыстың күні жолмен жүргенде (көктайғақта, жаңа жауған қарда, боранба) есте сақтау керек:
* қашықтықты сақтаңыз (бұл соқтығысудың алдын алады);
* бүйірлік аралықты сақтаңыз (ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді);
* жылдамдық режимін бұзбаңыз;
* қатты тежелулер мен қозғалыстар жасамаңыз.
* қажет болмаса, алыс жолға шықпаңыз.
* алыс жолға шыққан жағдайда өзіңізбен бірге жылы киім, тамақ және алғашқы көмек жинағын алыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызмет