Алматы облысында «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Алматы облысында «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

2023 жылғы 7 желтоқсанда «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы Қарасай ауданындағы жатақханалар мен хостелдерде рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Соңғы жылдары елімізде жатақханалар мен хостелдер саны едәуір өсті, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйлер мен жатақханалар санының өсу үрдісі байқалады.

Осыған орай, адам өлімі мен материалдық залалға әкеп соқтыратын түрлі төтенше жағдайлардың туындау қаупі бірнеше есе артты.

Бұл іс-шара бірінші кезекте өрттің алдын алу мақсатында бағытталған  өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша, жатақханалар мен қонақ үйлерде іс-шаралар жүргізілді.

Жатақханалардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін негізгі бұзушылықтары эвакуациялық шығулардың бітелуі, бастапқы өрт сөндіру құралдардың болмауы, өрт сөндіру крандары жұмысқа жарамсыз күйде және жеңдер мен оқпандармен жабдықталмаған.

Сондай-ақ, аталған іс-шара аясында Қарасай және Жамбыл аудандарының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізіліп, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелері талқыланып, ұсыныстар берілді.

Жатақханалардың, қонақ үйлер мен хостелдердің меншік иелері, сондай-ақ оларда тұратындар халық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы қажет екендігін тағы бір еске саламыз:

  • Жатақханалар мен хостелдерде жарамды бастапқы құралдармен қамтамасыз ету өрт сөндіру, өртті анықтаудың Автоматты құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі (өрт крандары) және сыртқы (өрт сөндірушілер) жарамды жүйелерімен гидранттар) өртке қарсы сумен жабдықтарымен қаматамасыз ету қажет.
  • Жатақханалар мен хостелдерде эвакуациялау жоспарлары жасалу қажеттілігі. Эвакуация жоспарлары әр қабатта ілінеді, қабаттан эвакуациялық шығу дәліздің ұзындығы бойынша 20 метр болуы қажет.
  • жертөлелерді, шатырларды мақсатқа сай емес пайдалануға тыйым салынады;
  • жоба бойынша көзделген эвакуациялық шығу есіктерін дәліздерден, залдардан, фойелерден, тамбурлар және баспалдақ торларынан алып тастауға қатаң тыйым салынады;
  • есіктерді, люктерді, іргелес секцияларға өткелдерді және эвакуациялық баспалдақтарға шығуларды заттарды үйіп тастау өрескел қателік болып табылады;
  • өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына өтетін жолдарды, қауіпсіздік және өрт сөндіру, сондай-ақ құтқару құралдарын бекіткіш орындарын бітеу және жабуға болмайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі