
Өрттерді болдырмау, және өртте адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында 6 желтоқсан күні Ұйғыр ауданы ТЖБ қызметкерлерімен Ұйғыр ауданы білім бөлімінің, Абай атындағы гимназия мектебінің, «Асқар Забикуллин атындағы Жас өрт сөндірушілер» әскери патриоттық клубының оқушыларымен бірлесіп, Абай атындағы мектеп гимназиясының оқушыларына профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шараларды өткізу барысында «Асқар Забикуллин атындағы Жас өрт сөндірушілер» әскери патриоттық клубының оқушыларымен «өрт кезіндегі іс-қимыл», «жылыту кезеңіндегі ӨҚЕ», «Алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану» тақырыптарында дәрістер өткізілді, сондай-ақ оқыту бейнероликтері көрсетілді.
Бұдан әрі оқу орнының орталық холында оқушылар мен оқытушылар үшін ашық қабылдау өткізілді, онда «Асқар Забикуллин атындағы Жас өрт сөндірушілер» әскери патриоттық клубының оқушылары жадынамалар тарата отырып, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді, сондай-ақ өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану көрсетілімін ұйымдастырды.
Осы бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі