
2023 жылғы 6 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ООКОС бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Саят Байсалбаев Қонаев қаласы №1-ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Владимир Зобовтың қатысуымен көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатында шартты өртті сөндіру бойынша жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты-халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, көппәтерлі биік үйлер тұрғындарының төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыру.
Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:
- жоғары дәрежелі шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес күштер мен құралдарды шығару;
- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен тұрғын үйдің тұрғындары арасындағы өзара іс-қимыл;
- өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, шешуші бағытты таңдауда, жағдайды бағалауда бірінші келген және кейінгі РТП дағдыларын жетілдіру;
- өрттегі штаб пен тыл жұмыстары;
- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына күштер мен құралдарды шоғырландыру уақыты;
- жеке құрамның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтауы.
- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.
Алматы облысы ТЖД Өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуге жеке құрамның 22 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқу-жаттығуға өрт сөндіру және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын өрт-құтқару бөлімшелері, облыстың жедел қызметтері мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдай отырып, жіберілген қателіктерге жол бермеу мақсатында анықталған қателер мен кемшіліктерді түсіндіре отырып талдау жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі