Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде еріктілер марапатталды

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде еріктілер марапатталды

5 желтоқсанда бүкіл әлемде Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі.

Еріктілік - мейірімділіктің, шынайылықтың, риясыз еңбек пен жауапкершіліктің символы. Бұл күн жүректері жақсылық пен жылулыққа толы, басқаның қайғысына бей-жай қарай алмайтындарға құрмет көрсетудің тағы бір себебі.

Алматы облысының еріктілері іздестіру және рейдтік іс-шараларға белсенді қатыса отырып, құтқарушыларға жоғалған адамдарды іздеуде, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен көмек көрсетеді. Олардың арасында әр түрлі саладағы адамдар – денсаулық сақтау мамандары, кәсіпкерлер, құрылысшылар, инженерлер, жас белсенділер және басқалар бар.

Мереке қарсаңында Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Данияр Қасымов құтқарушыларға белсенді көмек көрсететін еріктілерді құттықтап, қоғамға пайдалы, игі істері үшін өз алғысын айтты.

Мереке аясында ТЖД бастығының орынбасары 15 еріктіні, оның ішінде «Lider.kz», жастар ресурстық орталығы және ерікті құтқару қызметінің мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі