
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыс аясында Жамбыл ауданы, Үмбеталы ауылы, Үмбеталы Кәрібаев атындағы орта мектептің 7 «А» «Жас құткарушы» кадет сыныбының оқушыларымен «Өзіңді сақта» такырыбында өрт қауіпсіздігі сабағын өткізді.
Бул іс-шараның мақсаты - жас ұрпақтың арасында құтқарушы мамандығын дәріптеу, мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұскаулықтар таратып, жылыту пештері мен электр жабдықтарын дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Адамдар көп шоғырланатын ғимараттардағы өрт кезінде эвакуция шараларын, «алғашқы медициналық, көмекті қалай көрсету керек» туралы бейнероликтердің көмегімен профилактикалық, жұмыстарды жүргізу. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері жас құтқарушылар сыныбының оқушыларымен бірігіп, ғимараттар мен тұрғын үй секторларында, жылыту пешін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі