Эвакуация және құтқару

Эвакуация және құтқару

Статистикаға   сәйкес, жарақаттану және өрттерде адамдардың өлімі тұрғысынан адамдар жаппай жиналатын объектілер неғұрлым қауіпті болып табылады.

Ешкім де төтенше жағдайлардан сақтандырылмаған, ал бір мезгілде көп бала болатын мектептегі өрт сияқты оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін. Білім беру мекемелерінің оқу сыныптарында өрт минутына 1-1,5 метр жылдамдықпен, ал дәліздерде одан да тез тарайды. Жиһаз, мата, қағаз жанған кезде ауада улы газ (көміртек тотығы) жиналады, ол дем алған кезде улануға, ал ұзақ дем алған кезде - өлімге әкеп соғады. Сондықтан мектепте өрт болған жағдайда әзірленген эвакуациялау жоспарларына және өрт кезіндегі тәжірибелік сабақтарға сәйкес жылдам, батыл және сауатты әрекет ету керек.

Оқу жылында екі рет өткізілетін эвакуация бойынша жоспарлы оқу жаттығулары кезінде балалар бұл жаттығуларды ойын ретінде қабылдайды. Жоғары сынып оқушылары дайындығырақ - жаттығу тәжірибесі әсер етеді, ал балалардың, бастауыш сыныптардың нақты қауіп-қатерге реакциясы болжауға келмеуі мүмкін. Бүлдіршіндер сигнализацияның қатты дыбысынан және не болып жатқанын түсінбеушіліктен қатты қорқуы мүмкін. Сондықтан іс-әрекеттер алгоритмін түсіндіру және нақты жаттап алу өте маңызды.

Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ-і қызметкерлері «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ                     «№6 Қазақ орта мектеп-лицей» МКМ оқушыларына табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға жан-жақты пысықтау мақсатында                      «Өрт қауіпсіздік ережелері»,  «Жер сілкінісі» кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары туралы және «Адамдар көп жиналатын объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі», «Балалардың отпен ойнауы- өрттің себебі», «Жарамсыз электр сымдары өрттің себебі» туралы профилактикалық  жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшалары таратылды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі