Алматы облысында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Алматы облысында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 2023 жылғы 23 – 24 қараша аралығында Алматы облысында «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында мемлекеттік органдардың дайындық дәрежесін, ескерту және байланыс жүйелерінің, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық жүйелерінің күштері мен құралдарының қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын анықтау мәселелері қаралды.

Оқу-жаттығу барысында қыс мезгіліндегі әртүрлі төтенше жағдайлардың түрлерімен шартты түрде таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Іс-шаралар жоспарының жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бөлімі іс жүзінде пысықталды. Практикалық іс-шараларды өткізу орны ретінде Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы бекітілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның шұғыл отырысы өтіп, облыстық төтенше жағдайларды жою штабы құрылды.

Облыстық, аудандық, қалалық төтенше жағдайлар комиссиялары, облыстық азаматтық қорғау қызметтері кіріспе ақпаратқа сәйкес («Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінің қазандығындағы апат), төтенше жағдайлар аймақтарында авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып, объектілердің және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, коммуникациялардың ақаусыз жұмысын ұйымдастыруға, зардап шеккендерге орнында және емдеу мекемелерінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге, қауіптілігі жоғары объектілердегі жағдайды оқшаулау және тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауға, сондай-ақ жаппай көліктік коммуникацияларды бақылауға негізгі күш жұмсалды.

«Қыс-2023» оқу-жаттығуы аясында аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері, ТЖМ аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ 15 азаматтық қорғау қызметі қатысты.

Оқу-жаттығуға барлығы 584 адам және әртүрлі бағыттағы 94 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, аудандар мен қалалардың басқару органдары халықтың бұзылған тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелерін пысықтады. Оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу барысында басқару органдары хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығын, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тексерді.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдау және оларды болдырмау мақсатында анықталған кішігірім қателіктер мен кемшіліктерді түсіндіру арқылы талқылау жүргізілді.

Жалпы алғанда, оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша барлық қойылған мақсаттар мен міндеттерге толық көлемде орындалды, барлық тартылған бөлімшелерге оң баға берілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі