Балық аулау кезіндегі қауыпсыздік

Балық аулау кезіндегі қауыпсыздік

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен, бірлесіп бекітілген «2023-2024 жылдың күзгі және қысқы балық аулау кезеңінде облыстың негізгі су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізу кестесіне» сәйкес Қапшағай су қоймасының акваториясында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 412-бабы (Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 72 мың 450 теңге сомасына айыппұл салумен 3 жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұл іс-шаралар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы қағидаларды халыққа жеткізу мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері қоғамдық орындарда балық аулау кезіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде, төтенше жағдайлардың алдын алу және балық аулау кезінде судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі