
«Қыс-2023» РКШОЖ-ды өткізу шеңберінде Қаскелең қаласы Қарасай ауданының әкімдігінде азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен жедел штаб құрылды.
Отырыс барысында мемлекеттік органдардың дайындық дәрежесін, ескерту және байланыс жүйелерінің, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық жүйелерінің күштері мен құралдарының қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою жөніндегі тапсырмаларды орындауға дайындығын анықтау мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушыларға оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері, жылыту нысандарында төтенше жағдайлар мен авария болған кездегі іс-қимыл алгоритмі, сондай-ақ барлық шұғыл ден қою қызметтерімен өзара іс-қимыл жоспарлары жеткізілді.
Оқу-жаттығу барысында қыс мезгіліндегі әртүрлі төтенше жағдайлардың түрлерімен шартты түрде таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Іс-шаралар жоспарының жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бөлімі іс жүзінде пысықталатын болады. Практикалық іс-шараларды өткізу орны ретінде Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы бекітілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі