Алматы облысының ТЖД азаматтарды дауылды ескерту туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады

Алматы облысының ТЖД азаматтарды дауылды ескерту туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады

Алматы облысының ТЖД азаматтарды дауылды ескерту туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

"Қазгидромет" РМК дауылды ескерту негізінде 23 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кейде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23, кейде 28 м/с. Қонаев қаласында кейде тұман, солтүстік-батысында жел 18-23 м/с болады деп күтілуде.

Дауылды жел - ең көп таралған табиғи апаттардың бірі. Ескеру керек, жел (14-17 м/сек) кезінде көше бойында орнатылған жарнамалық қалқан қондырғылары, жарықдиодты панно және дербес тіректердегі транспаранттар аударылуы мүмкін. Дауылды жел кезінде (24 м/сек дейін) ағаштар құлап, электр беру желілері үзілуі мүмкін. Сымдардың ұшқыны өрттің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Қатты дауылды жел кезінде (28,4 м/сек дейін) құрылыстардың кейбір қирауы орын алады, соның ішінде үйлердің шатырлары, терезелерде әйнектер сынуы мүмкін. Сынған ағаштардың, құрылыс конструкцияларының үйінділері өтпе жолдар мен автомагистральдарды айтарлықтай жабуы мүмкін. Дауыл кезінде (32м/сек және одан да көп) күрделі құрылыстардың, электр көлігінің байланыс желілерінің, коммуналдық-энергетикалық желілердің электр беру желілерінің елеулі бұзылуы байқалады.

Қатты жел кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын білу және орындау қажет:

Үйде немесе пәтерде болған:

- барлық терезелерді жабыңыз, олардың жабылу сенімділігін тексеріңіз;

- қатты жел кезінде терезеден алыстатылған орындар қауіпсіз болып саналады;

Егер қатты жел жолда басталып кетсе:

- дауылды ескерту туралы хабарламаларға немқұрайлықпен қарамаңыз;

- тез арада кіре берісте немесе берік ғимаратта орналасыңыз;

- үй қабырғаларының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама қалқандарының жанында, ағаштардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында жасырынуға болмайды;

- үзілген сымдарға, тегістелген маңдайшаларға жақындамаңыз.;

- шіріген және ескі, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан алыс ұстаңыз.

-Жеке автокөлікпен және көшеде ұзақ уақыт жүруден бас тартыңыз.

Қауіпті жағдайда және құтқару іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туралы ақпаратты хабарлау үшін 101, 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Абай болыңыздар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі