
2023 жылғы 18 қарашада Алматы облысының ТЖ Департаменті аумақтық өрт сөндіру бөлімшелері арасында «Жылдам маневр жасау бойынша Үздік жүргізуші» атағына жарыс өткізді. Бұл іс-шара өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілерінің дағдыларын жетілдіру және кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізіледі. Аталған жарысқа жеке құрамның 63 қызметкері, Алматы облысы ТЖД 1 негізгі және 3 қосалқы техникасы қатысты. Жарыс барысында жеке құрам жарыс бағдарламасының барлық шарттарын орындады. Жарыс бірнеше күрделі кезеңдерден тұрды: гараждан шығу, алдыңғы қатардағы жылан, алдыңғы қатардағы гаражға кіру, одан шығу, жыланның артқы жүріспен өтуі, гаражға артқы жүріспен кіру, одан шығу, калибрлі жүру, жауынгерлік орналастыру сору жеңдері арқылы ыдыстан су алу және 1 магистральдық желі және 1 жұмыс желісі кезінде РСК-50 1 оқпанын беру. Жарыс қорытындысы мен нәтижелері бойынша бас төрешінің төрағалығымен Алматы облысы ТЖД «ӨСжәне АҚЖ" ММ бастығының орынбасары Владимир Александрович Зобов командалар арасында жеңімпаздарды таңдап, орындар белгіленді:
І орын - Боралдай кентінің 9-ӨСБ жеке құрамы - ӨСА жүргізушісі АҚ аға сержанты Бопегалиев Е.К.
ІІ орын - Қонаев қаласы 1-ӨСБ жеке құрамы - ӨСА жүргізушісі АҚ аға сержанты Жайсанбеков М.С.
ІІІ орын - Өтеген батыр кентінің 8-ӨСБ жеке құрамы - ӨСА жүргізушісі АҚ аға сержанты Әйтекенов М.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ бірінші орын үшін «Жылдам маневр бойынша Үздік жүргізуші» кубогы табысталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі