Электр сымдарының қысқа тұйықталуы себебінен жолаушылар автобусы жанып кетті

Электр сымдарының қысқа тұйықталуы себебінен жолаушылар автобусы жанып кетті

2023 жылы 17 қараша күні сағат 16:29-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.
Оқиға орнына жеткен соң, қоғамдық автобустың ашық жануы орын алғаны анықталды. Өрттің алдын-ала себебі - қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Өрт сағат 16:58-де толықтай жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі