
Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 2023 жылғы 28 тамыздағы «Облыстар халқын және аумағын 2024 жылғы көктем кезеңіндегі тасқын судан қорғау жөніндегі шаралар туралы» бұйрығына сәйкес, Жамбыл ауданы аумағындағы су басу қаупі бар учаскелерге алдын-ала төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында аудан аумағындағы арық-каналдар мен жол көпір өткелдерін тазалау, арық жүйелерін қазу, кеңейту, тереңдету, бекіту сонымен қатар жол көпір асты құбырларын кеңейту және алмастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімінің қызметкерлерімен 2 қызметкер, 2 техника жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірге Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округіне қарасты Ұзынағаш ауылындағы Алғабас көшесінің тау бөктерінде жалпы ұзындығы 3 шақырым құрайтын айналмалы арық жүйелерін қаздыртып өзен арнасына бұру жұмыстары жүргізілуде.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі