Алматы облысында жатақханалар мен хостелде өрт қауіпсіздігін тексереді

Алматы облысында жатақханалар мен хостелде өрт қауіпсіздігін тексереді

Соңғы жылдары елімізде жатақханалар мен хостелдар саны едәуір өсті, оның ішінде конверсияланған тұрғын үйлер мен жатақханалар санының өсу үрдісі байқалады.

Осыған орай, адам өлімі мен материалдық залалға әкеп соқтыратын түрлі төтенше жағдайлардың туындау қаупі бірнеше есе артты.

Елімізде ағымдағы жылдың басынан бері жатақханалада 15 өрт тіртіркелді.

Сонымен қатар, мұндай өрттердің негізгі себептері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.

Сонымен қатар, жатақхана үй-жайларында Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес балкондар мен лоджияларда тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, газ баллондарын сақтауға, төсекте темекі шегуге, балкондардан, лоджиялар мен терезелерден темекі тұқылдарын тастауға, сөндірілмеген темекіні қалдыруға жол берілмейді.

Бұдан басқа:

- жертөлелерді, жертөле қабаттарын, шатырларды, техникалық қабаттар мен үй-жайларды, желдеткіш камераларды мақсатына сай емес пайдалану және қолдануға;

- жобада көзделген эвакуациялық шығу есіктерін едендік дәліздерден, залдардан, фойелерден, тамбурлардан және баспалдақ торларынан алуға;

- есіктерді, люктерді, іргелес секциялар өткелдерін және эвакуациялық баспалдақтарға шығу жолдарын бөгеттеуге;

- өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өтетін жолдарды бітеу және жабуға рұқсат етілмейді.

Жатақханалар мен хостелдар жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, өртті анықтаудың автоматты құралдарымен, сондай-ақ ішкі (өрт крандары) және сыртқы (өрт гидранттары) өртке қарсы сумен жабдықтаудың жарамды жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Жатақханалар мен хостелдарда эвакуация жоспарлары болуы қажет. Эвакуация жоспарлары ұйым қызметкерлерінің адамдарды эвакуациялау кезіндегі қауіпсіз іс-қимылдарына, өртке қарсы қызметті шақыру және өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруді ұйымдастыруға арналады. Эвакуациялау жоспарлары ғимараттың әр қабатында, эвакуациялық шығу жолдарында, дәріз бойында ұзындығы 20 метрден аспайтын қашықтықта ілінеді.

Осыған байланысты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама нормаларын сақтау үшін 13 қарашадан 17 қарашаға дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп "ЖАМАҚХАНА"профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Мүдделі мемлекеттік органдарды, ұйымдарды (жергілікті атқарушы органдарды, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палаталарын, еріктілерді) тарта отырып жұртшылық жатақханалар мен хостелдарда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеретін болады.

Жатақханалар мен хостелдардағы өрт қауіпсіздігін бұзудың барлық фактілері туралы "101" және "112"диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі