
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық тобы, аумақтық бөлімше жеке құрамымен 2023 жылдың 27-қазаны мен 3-қарашасы аралығында психологиялық климатты анықтауға арналған сауалнама мен қызметкерлердің психологиялық мінез-құлқын зерттеуге арналған психологиялық әдістемелер жинағы алынды.
Тест тапсыру барысы аяқталған соң қызметкерлер арасында «Менің ұжым» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіру, өзгенің даралығын бағалау, ұжым арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамыту, қызметкердің мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру, ұжым арасындағы ауызбіршілік пен сенімділікті арттыру болды. Тренинг барысында Департмент қызметкерлері белсенді қатысып, алған жағымды эмоциясымен бөлісіп, алдағы уақытта «логикалық, интеллектуалдық, өзіндік бағалауын арттыруға арналған және командалық ойындар сияқты жаттығулар, тимбиллдинг болса» - деген тілек білдірді. Тренинг сәтті өтті, тренинг мақсаты орындалды.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар
психологиялық қызметі тобы