2023 жылғы 9 қарашада Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы Құдайбергеновтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыста алты мәселе қаралды:
1. Дезинсекция препараттарымен улану бойынша облыс тұрғындары арасында жүргізілетін профилактикалық және түсіндіру жұмыстары туралы;
2. Шатырлардың ұшуы мен зақымдану жағдайларының артуына байланысты;
3. Аудандық және облыстық деңгейлерден құлақтандыру жүйесін басқару мүмкіндігімен төтенше жағдайлардың есептік аймақтарында орналасқан елді мекендерде жергілікті құлақтандыру жүйелерін құру туралы;
4. Облыс аумағындағы 2023 жылғы өрт қауіпті кезеңнің қорытындылары;
5. Облыс аумағында 2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары туралы;
6. Жылыту кезеңінде жылу энергетикасы, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде төтенше және авариялық жағдайлардың туындауына жол бермеу туралы;
Жоғарыда көсетілген алты мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі