Алматы облысы ТЖД ардагері «Құрметті азамат» атанды

Алматы облысы ТЖД ардагері «Құрметті азамат» атанды

Алматы облысы Бақанас ауылының тұрғыны Бекжігітов Серік Республика күніне орай «Балқаш ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.

Жергілікті өрт сөндіру бөлімінде 27 жыл қызмет еткен Серік Бекжігітов 1948 жылы 5 мамырда Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Жиделі орта мектебін бітіріп, 1967-1969 жылдар аралығында Совет армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген. 1971 жылы Алматы қаласындағы құрылыс техникумына оқуға түсіп, оны тәмамдағаннан кейін 1974 жылдың 1 сәуірінен бастап Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы №12 өрттен қорғау мекемесіне бастық болып тағайындалып, бұл қызметте 2001 жылға дейін, яғни 27 үзіліссіз жұмыс істеген.
       Серік Бегжігітов өзінің саналы ғұмырының отыз жылға жуық өмірін азаматтық қорғау саласына арнады. Аудан тұрғындарын төтенше жағдай оқиғаларынан сақтандырып, кездейсоқ өрт оқиғаларын болдырмау жөнінде істеген тиянақты жұмыстарының нәтижесінде елдің құрметіне бөлене білді. Ол басқарған өрт сөндіру бөлімшесі бірнеше мәрте облыс, аудан арасында өткізілген Социалистік жарыстарда үздіктер қатарынан көрінді.
       Серік Бегжігітов КСРО Ішкі істер министрлігінің «Өрт қызметінің үздігі», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгілерімен  және республика, облыс, аудан басшылары тарапынан Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ал осы жылдың қазанында аудан әкімінің жарлығымен «Балқаш ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі