
Тұрғын үй секторында орын алған өрттердің себебі - электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, отқа абайсыз қарау, тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады!
Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт көп жағдайда демалыс күндері, кешкі уақытта, адамдар демалатын және жаңғыш заттарды бақылай алмайтын кезде болатынын ескеріп, кешкі уақытта көпқабатты үйлерді аралап, профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында қызметкерлер тұрғындарды өз үйлерін қалай қорғау және қауіпсіз ету туралы ақпараттандырып, автономды жылыту және газ құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтау
жөнінде ұсыныстар беріп, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі