
"Үлгілі үй" акциясы аясында
Қонаев қаласы Төтенше жағдайдар
басқармасының қызметкерлері Аманат партиясы ерітілерімен бірлесіп іріктеу өткізіп, қаламызда орналасқан, өрт қауіпсіздік шараларына сай үйді таңдады. Атаулы іс-шарадағы басты талаптар - ол арнайы техниканың кедергісіз кіріп-шығуы, сондай-ақ кіреберістердің алғашкы өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталуы болып табылады. Бұл іс-шара көпқабатты тұрғын үйлерде туындайтын өрт факторлерінен алдын алу және болдырмау мақсатында өткізілді. Акцияның қорытындылай келе үлгілі үй болып “Таң Шолпан” пәтер иелерінің кооперативінің (ПИК) көп қабатты үйі болып табылды және Алғыс хат табысталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі