«Газды тұрмыста қолдану қауіпті» тақырыбында акция

«Газды тұрмыста қолдану қауіпті» тақырыбында акция

Тұрмыстық газдың (пропанның) өрт немесе жарылыс қаупі бар екені баршаға мәлім. Газды пайдаланумен байланысты өрттің ең көп мөлшері газ плиталары мен баллондардың дұрыс пайдаланылмауынан болады. Қазіргі уақытта елді мекендерінде газ баллондарын сатушы фирмалар негізінен газ баллондарын орнатусыз және газ плиталарына техникалық қызмет көрсетусіз ғана өткізеді. Сондықтан пәтерлердегі газ баллондары мен плиталардың дұрыс пайдаланылуына үй иелері жауапты.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  бас маманы Жанабилов М.А., Есік қаласының жергілікті атқарушы орган әкімдігімен бірлесе, «Газды тұрмыста қолдану қауіпті» тақырыбында  аудан аумағындағы тұрғындар мен қонақтарына тұрғын үйдегі газ баллондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тәртіптерін, тұрмыста қолданатын электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, жылыту пештерін қараусыз қалдырмау тақырыптарында акция өткізіліп, тұрығын үйлер, адам көп шоғырланатын орындарда,базарларда, сонымен қатар Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп оқушыларына, үгіт насихат түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Аралау барысында пеш жылыту жүйелерінің тиістілігіне  назар аударылып, пеш түтіндерін тазалау, жарықтарды бітеу және т.б. бойынша ұсыныстар берілді.Рейдтік іс-шара барысында халыққа «Өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері»,«Өрттің туындауын болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері»,«Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы»,«Балаларға арналған қауіпсіздік ережелері», «Балалардың отпен ойнауы-өрттің себебі!» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі