Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде құрылды.
Қазіргі жағдайда құтқару қызметінің рөлі бірнеше есе артып келеді, азаматтар мен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттік маңызы бар іс болып қала береді.
Азаматтық қорғау жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерге төтеп бере алатын кәсіби, шешуші, жедел және жауапты қызметкерлерден тұрады, олардың негізгі міндеті адам өмірін сақтау болып табылады.
Адам өмірін құтқару – бұл лайықты және құрметті миссия, борыш пен антқа адалдық, төтенше жағдайға тап болғандарға көмекке келуге дайын болу.
2023 жылғы 19 қазанда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірқатар салтанатты іс-шаралар өткізді. Қонаев қаласының орталық алаңында жеке құрамның салтанатты түрде сапқа тұруынан басталды.
Алматы облысының әкімі құттықтау сөз сөйледі. «Құрметті ардагерлер, қызметкерлер, әскери қызметшілер, құтқарушылар және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері6 баршаңызды кәсіби мереке – Құтқарушылар күнімен құттықтаймын. Бүгінгі таңда трансформация шеңберінде Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту, құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру бойынша толыққанды жұмыс жүргізуде. Қазіргі әлемдеі оқиғалар бізді өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы ең сұранысқа ие, құрметті және асыл мамандықтардың бірі екендігіне көз жеткізіп отыр. Күн сайын біздің бөлімшелеріміз өртке шығу, төтенше жағдайлардың салдарын жою, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Алдағы уақытта да адалдық, батылдық пен қаһармандық таныта отырып, қызметтік борышыңызды абыроймен атқаратыныңызға сенімдімін. Сіздердің кәсібилігіңіз, жеделдігіңіз және табандылығыңыз төтенше жағдайларда халықты қорғау мен құтқаруға қызмет ете берсін», - деп атап өтіп, Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев елімізге денсаулық, бақыт, сәттілік және өркендеу тіледі. Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шарада өрттерде және басқа да төтенше жағдайларда адам өлімінің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына елеулі үлес қосқан, қызметінде ерекшеленген Департамент қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Өтегенұлы Қабылов пен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тасболатұлы Тойчубеков құттықтау сөз сөйлеп, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтың құттықтауын жеткізді. Өз кезегінде ол ардагерлер мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ баға жетпес тәжірибесі бүгінде азаматтарымызды тиімді қорғауға мүмкіндік беретін төтенше жағдайлар департаменттері мен бөлімшелерінің ардагерлері мен қызметкерлерін жеке құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке және жеке бақыт тіледі.
Төтенше жағдайлар Министрінің атынан ТЖ департаментінің бастығы Алматы облысының әкіміне ТЖ алдын алу мен жоюдағы еңбегі үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың үздігі» медалін табыс етті.
Бұдан әрі барлық қатысушылар өрт сөндіру арнайы техникасы мен құралдарының көрмесіне қатысты, онда Алматы облысының әкімі 15 қызметтік автомобильдің кілттерін тапсырды.
Содан кейін Д.А. Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты шара Қонаев қаласындағы №3 мектеп гимназиясының акт залында жалғасты, онда ардагерлер мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметте ерекшеленген қызметкерлерге «азаматтық қорғау органдарында мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдар, ТЖ Министрінің атынан грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында құтқарушылар күніне арналған бейнефильм көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі