
2023 жылдың 17 қазан күні Жамбыл ауданы мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шарада Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Туматаев және Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Е. Жагипаров жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап аудан аумағындағы түрлі табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алып, тұрғындардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге еңбек сіңірген құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерін марапаттады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі