Алматы облысында «Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Алматы облысында «Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

2023 жылғы 17 қазанда Қарасай ауданының Қаскелең қаласында биік ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізудің жоспар-кестесін орындау мақсатында, «Алтын ауыл» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Тактикалық жоспар бойынша, жетінші қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 75м ² жалпы алаңда шартты өрт болды, нәтижесінде қатты түтін пайда болды және кіре берісте жоғары температура пайда болды. Адамдардың өміріне және тұрғын үйдің жоғарғы және төменгі қабаттарына оттың таралуына қауіп төнді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды түтінсіз баспалдақ арқылы эвакуациялап құтқарды, ал екі зардап шегуші алтыншы қабаттағы балконнан автосаты көтергіштің көмегімен құтқарылды. Адамдарды 20 метр биіктіктен құтқаруға арналған "Өмір текшесі" орналастырылды.

Шартты өртті сөндіру барысында мынадай мәселелер пысықталды:
- объектінің әкімшілігі мен өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл;
- өртті сөндірудің бірінші басшысын өрттегі жағдайды бағалауда және шешуші бағытты таңдауда дайындау;
- биік ғимараттардағы өртті сөндіруді ұйымдастыруда өрт күзеті гарнизонының басшы құрамын даярлау, адамдарды биік ғимараттардан құтқару және эвакуациялау.
- адамдарды эвакуациялау және құтқарудың, өрт сөндіргіш заттарды сөндіруге және қорғауға берудің, газ ағынын басқарудың әртүрлі тәсілдерімен пысықтау.
Оқу-жаттығулардың барлық мақсаттарына қол жеткізілді және биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруді ұйымдастыруда белгілі бір тәжірибе алынды.
Аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығуда негізгі назар жағдайды бағалауда, шешуші бағытты таңдауда, өрт сөндірудің жедел штабының жұмысында өрт сөндірудің бірінші және кейінгі басшыларының дағдыларын жетілдіруге, биік ғимараттардан көп шоғырланған адамдарды құтқару және эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке құрамның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауына аударылды.
Сонымен қатар, нысанды өртке қарсы сумен жабдықтаудың жарамдылығы тексерілді, оған 5 өрт сөндіру гидранты кіреді.
Орнату орындары, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы үшін кіреберіс жолдары пысықталды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті дұрыс емес жерге қойылған көліктер өрт болған жерге құтқарушылардың жолын кесіп тастауы мүмкін екенін еске салады. Аулада автокөліктерді қою кезінде осыны есте сақтау керек.

Өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуге 52 қызметкер және Алматы облысы ТЖД 8 техникасы жұмылдырылды.


Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдау және оларды болдырмау мақсатында анықталған үлкен емес қателіктер мен кемшіліктерді түсіндіру арқылы талқылау жүргізілді.