Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жеке құраммен семинар-кеңес өтті

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жеке құраммен семинар-кеңес өтті

Жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында 2023 жылғы 13 қазанда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция басқармасы бастығының орынбасары  Әбіқұлов Дарын Есетұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының АМІЖ офицерінің, сондай-ақ, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, орынбасарлары, Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен барлық жеке құрамының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде және азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы құқық бұзушылық статистикасы жеткізілді, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына нақты бағыт берілді

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі