
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өзіндік ұзақ әрі бай қалыптасу тарихы бар. Алматы облысы гарнизонының тәжірибесі орасан зор – бұл қызметкерлердің барлық буынының жинақталған, лайықты тәжірибесі. Осындай үлкен тарих пен тәжірибенің артында тұлғалар - белсенді қызметкерлер, зейнеткерлер және адамдарды құтқару үшін өмірін қиғандардың барлығы тұр.
Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында Талғар ауданы Төтенше жағдайлар департаменті мен Талғар қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне азаматтық қорғау қызметінің ардагерлері: Алматы облысы Төтенше жағдайлар ардагерлері кеңесінің төрағасы Қабылов Мират Өтегенұлы (1994 жылдан 2016 жылға дейін қызмет еткен), Есік қаласының ПЧ-6 бастығы Ілібаев Ерлан Заунадинұлы (1988-2013 жж. қызмет еткен), Еңбекшіқазақ облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ананин Евгений Леонидович (1993 жылдан 2008 жылға дейін қызмет еткен), аға өрт сөндіруші-құтқаруш, радиотелефонист Жалилова Гүлсінам Розахунқызы (1993 жылдан 2015 жылға дейін қызмет еткен).
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Өтегенұлы Қабылов Алматы облысы ТЖД - нің құрылуы туралы, сондай-ақ Талғар қаласының өрт сөндіру бөлімін құру туралы айтып берді, оны сол қиын жылдары өз қолдарымен жасаған – өрт бокстарын өздері салып, ас үй мен жатын бөлмені жабдықтаған, жылытуды қосқан, аумақты абаттандырған. Ардагерлер өздері отырғызған шыршалар мен қарағайлар туралы жақсы естіліктерімен бөлісті, олар қазір ғасырлық ағаштарға айналған. Сол кездегі ең ірі төтенше жағдайлар және сол кездегі өрттерді сөндіру, қандай әдістер қолданғаны, сондай-ақ Алматы аумағының көп бөлігі Талғар ауданына кіргені туралы айтылды.
Талғар гарнизонының қалыптасу тарихын білу, қазіргі жас қызметкерлер үшін аға буынның тәжірибесін қабылдау маңызы өте зор оқиға екені анық. Ардагерлер қиын 90-шы жылдары айлар бойы жалақы алмағаны және бүкіл қарауылмен бір тамақты бөліскені, қыс айларында бір үлкен отбасы сияқты жылыну үшін бір буржуйканың айналасында ұйықтағаны туралы айтты. Жас қызметкерлер оларды үлкен қызығушылықпен тыңдай отырып, қазіргі ұрпақ лайықты жағдайда жұмыс істейтінін түсінді. Техникамен және жабдықтармен жарақтандыру, нысанды киім-кешек беру, лайықты жалақы мен сыйақы, мұның бәрі қазіргі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға лайықты қызмет атқаруға үлкен сеп болады.
Құтқарушылардың жас буыны ардагерлерге орасан зор және баға жетпес үлесі, берілген тәжірибесі мен тарихы үшін құрмет пен алғыс көрсетті. Өз кезегінде аға буын Құтқарушылар күні қарсаңында олардың құрметіне ұйымдастырылған іс-шара үшін зор алғысын білдіріп, жаңа Қазақстанның құрылысы кезеңінде жаңа тарихты одан әрі құру үшін нұсқау берді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі