Алматы облысында академия курсанттары мен әскери бөлімдерге практикалық сабақ өткізілді

Алматы облысында академия курсанттары мен әскери бөлімдерге практикалық сабақ өткізілді

2023 жылдың 7 қазанында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Данияр Қасымовтың төрағалығымен Алматы, Абай, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарының 28237, 52859, 68303, 20982 әскери бөлімдерінің взвод, рота командирлеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының

2 және 3 курс курсанттарына практикалық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында өрт сөндірудің негізгі құралдары, газ және түтіннен қорғау қызметі, газ және түтіннен қорғау құралдарын жұмысқа дайындау тәртібі, сығылған ауа құрылғыларына практикалық қосылу, өрт сөндіру автокөлігін жауынгерлік орналастыру, өрттерді жою, АҚЖ орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары, табиғи төтенше жағдайларды жоюда құтқару бөлімшелерін қолдану тактикасы тақырыптары талқыланды.

Аталған іс-шара курсанттардың теориялық және практикалық білімін арттыру, оларды арнайы техника жұмысымен таныстыру мақсатында өткізіледі. Оқу-әдістемелік жиынға жалпы есепте 80-ге жуық курсанттар мен взвод командирлері қатысты.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі