
2023 жылғы 7 қазан күні құтқарушылар күніне орай, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Қаскелең қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Клименчук Александр Анатольевичты еске алуға арналған Алматы облысы ТЖД қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирдің басты мақсаты - ерлікпен қаза тапқан әріптесімізді еңбегін еске алып, ерлігін дәріптеу, сонымен қатар, қызметкерлер арасында спорт мәдениетін дамыту болып табылады. Аталған іс-шара барысында қайтыс болған қызметкердің ұлына сыйлық табыс етілді. Жарысқа жалпы есепте 15 команда қатысты. Турнир нәтижесі бойынша Өтеген батыр ауылындағы №8 ӨСБ құрама командасы III орын, Қонаев қаласындағы ЖҚЖ құрама командасы II орын, Шонжы ауылындағы №6 ӨСБ құрама командасы І орынға ие болды. «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша №3 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Алпысбаев Руслан және «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша №10 ӨСБ жүргізуші-қызметкері Жапарбекұлы Абылай марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, медаль және кубоктар табыс етілді.
Алматы Облысы ТЖД баспасөз қызметі