
Профилактикалық жұмыс аясында Алматы облысы Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектептің 7-сынып оқушыларымен «Құтқарушы мамандығы» тақырыбында Алматы облысы Қонаев қаласының Жедел құтқару жасағымен бірлесіп тәжірибелік сабақты өткізді.
Сондай-ақ, оқушылар үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық жаттығулар, кинолог жұмысы, автокөлік құралдары, құтқару құралдары, сүңгуір жабдықтары таныстырылып, гидравликалық құтқару құралымен қалай жұмыс істеу керектігі көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі