Талғар ауданында «Абайлаңыз, газ!» акциясы өтті

Талғар ауданында «Абайлаңыз, газ!» акциясы өтті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаевтың, сондай-ақ наз қызметі өкілдерінің, Кеңдала округі әкімдігі қызметкерлерінің және еріктілердің қатысуымен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және газ баллондарын пайдалану бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Алматы облысы ТЖД бастығы полковник Асқар Тойшыбеков Кеңдала округінің саяжай алаптарының үйлерін аралау бойынша қызметкерлермен нұсқаулық өткізді. Рейдтік жұмысқа төтенше жағдайлар департаментінің 55 қызметкері, газ қызметінің 2 қызметкері, 12 ерікті жұмылдырылды, 2000-нан астам үйді аралап, өртке қарсы тақырыпта нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, Алматы облысы ТЖД МӨББ бастығы «LT-gas» ЖШС жүргізушілеріне жадынамаларды тарату және тұтынушыларға сату кезінде газ баллондарын қауіпсіз орнату бойынша түсініктеме берді.

Бұл жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.

 Алматы облысының ТЖД тұрғындардан газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

  • газ баллонды суық жерден жылы жерге әкелуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды - күрт кеңею орын алып, нәтижесінде жарылысқа алып келуі мүмкін;
  • баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабылғанына көз жеткізіңіз. 50 литрлік баллондарды пайдаланған кезде, оларды ауыстырар алдында редуктордағы тығыздағыш резеңке таспаларды да ауыстыру керек.
  • ауыстырғаннан кейін сабын ерітіндісін қолдану арқылы қосылыстардың тығыздығын тексеріңіз;
  • баллонды газ плитасына қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарымен бекітілген, ұзындығы бір метрден аспайтын арнайы икемді резеңке шлангты пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
  • газ құрылғыларын қосу ретін қадағалаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ баллонды ашыңыз;
  • бөлмеде газдың иісін сезгенде, жарылыстың алдын алу үшін сіріңке, оттық жағуға, электр қосқыштарын пайдалануға, ашық отпен немесе темекімен кіруге болмайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі