
4 қазан күні сағат 22:31-де Қонаев қаласының құтқарушылары «Строитель» саяжай қоғамына кезекті шақыруға шықты. Оқиға орнына келген соң «Көктем» дүкенінің жанында Алматы облысы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының күшімен құдыққа түсіп кеткен 1976 жылы туған ер адам құтқарылды. Ол «политравма және гипотермиямен» Қонаев қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Белгілі болғандай, ол 3 қазан күні кешкі серуен кезінде тереңдігі 7 метрге жуық ашық люкке құлап, өздігінен шыға алмаған. Құтқару операциясына Алматы облысы ТЖД 4 құтқарушысы мен техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысының ТЖ Департаменті азаматтарды мұқият болып, қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі