ТЖ Министрі «Қазқұтқару-2023» халықаралық сайысына ат салысқан қызметкерді марапаттады

ТЖ Министрі «Қазқұтқару-2023» халықаралық сайысына ат салысқан қызметкерді марапаттады

2023 жылдың 13 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында «Жартас қала – Астана» оқу полигонында құтқару көпсайысы бойынша «Қазқұтқару-2023» халықаралық жарыстары өтті. Жыл сайын өткізілетін «Қазқұтқару» жарысы құтқару ісіндегі аса маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Жарысқа түркі мемлекеттері Ұйымының құтқару қызметтері – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия және Түркия қатысты.

2023 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаменті «Қазқұтқару-2023» халықаралық құтқару көпсайысы бойынша жарыстарын жоғары деңгейде өткізуге сіңірген еңбегі үшін Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Домбай Гүлнұр Келісқызын Алматы облысы ТЖД бастығынын орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бақытнұр Қалиев Төтенше жағдайлар Министірінің грамотасымен марапаттады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі