
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, облыс мәслихатының депутаттарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, рұқсат етілген шомылу орындарын 7-ден 81-ге дейін ұлғайту мәселесі бойынша жергілікті кәсіпкерлемен облыс әкімдігінің бүгінгі таңдағы қолданыстағы "Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы жаппай демалыс орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Сондай-ақ, аталған кеңес барысында кәсіпкерлерге Алматы облысының жалпы су пайдалану Ережелеріне шомылуға тыйым салынған орындарды анықтау және белгілеу бөлігінде енгізілетін өзгерістер түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар проблемалық мәселелер анықталды, олардың шешімі шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң әсерін тигізеді.
Аталған жұмыстар жоғарыда айтылған қаулы қолданысқа шыққанға дейін жалғасады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі