
26 қыркүйек күні «Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжау, сейсмикалық қауіпсіздік пен қатерді бағалау» XI Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өз жұмсын бастады.
Ғалымдар мен мамандардың жер сілкінісін болжау теориясы мен әдістерін жасау, сейсмикалық қауіпсіздікті бағалау және жер сілкінісіне төзімді құрылысты салудағы бірлескен жұмысының Орталық Азия елдеріндегі табиғи және техногендік жер сілкіністерінің залалын азайту үшін үлкен теориялық және практикалық маңызы бар.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай, Норвегия, Ұлыбритания және АҚШ-тан онлайн және офлайн режимде 9 елден сейсмология саласындағы 130-дан астам ғалымдар мен мамандар қатысуда.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері XI Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумына қатысты.
Халықаралық симпозиум аясында шақырылған елдердің ғылым өкілдерінің секциялық баяндамалары жоспарланған. Сондай-ақ, Алматы облысындағы жер сілкінісіне палеосейсмологиялық зерттеулер жүргізілетін алаңға барып, практикалық шаралар өткізу жоспарланған.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі