Коммуникациялардың жұмыс арналарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады

Коммуникациялардың жұмыс арналарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог                         - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру шеңберінде азаматтардың сұраныстарына жедел және тиімді ден қоюға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру бойынша Министрлік мемлекеттік орган мен қоғам арасындағы коммуникациялардың жұмыс арналарын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

Мәселен, халықтың қалың жігін жүйелі сұрақтар мен өзекті мәселелерді шешуге тарту мақсатында Министрлікте және аумақтық бөлімшелерде «сенім телефоны» жұмысы ұйымдастырылды, тұрақты негізде азаматтарды қабылдау жүзеге асырылады, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға және бюрократияны жоюға мүмкіндік беретін «е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы енгізілді.

Өз кезегінде, аталған бастаманы одан әрі ілгерілету, қолданыстағы қызметкерлермен, азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен әріптестікті дамыту мақсатында Министрлік жүйесінде Төтенше жағдайлар министріне тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін хабарламаларды қабылдауға арналған «WhatsApp» қосымшасы бар арнайы +7 747 651 75 88 нөмірі ашылды.

 

Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы